Көпір үстінде тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында АгроСтройИндер мекемесінің қызметкерлері көпір үстінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көпір аумағы қоқыстан тазартылып, айналадағы санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

 Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан қызметкерлер қоғамдық орындардың таза әрі көрікті болуына өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT