Жарсуат, Құрылыс ауылдарында орналасқан ескі қоқыс алаңы аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер маңын тазартып, жаңартуға басымдық берілді.
– Ауыл көшелерінде орналасқан ескі баннерлерді жаңарту жұмыстары қолға алынды. Ауыл тұсындағы Индер-Атырау тас жолы бойын қоқыстардан тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Ауыл ішкі жолдарына жол белгілерін орнату жұмыстары жасалуда. Күнделікті тазалық жұмыстары аақылы қоғамдық жұмысқызметкерлерімен атқарылуда. Алдағы уақытта да қоршаған ортаға деген қамқор көзқарас жалғаса береді, – деді округ әкімі Дархан Қапашев



