«Қорлау емес, қолдау көрсетейік»

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Буллинг – бір адамды әдейі кемсіту, қорқыту, мазақ ету немесе қысым көрсету арқылы оған психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін әрекет. Ол мектепте, аулада, достар арасында немесе әлеуметтік желілерде кездесуі мүмкін.

 

Буллингке тап болған бала өзін жалғыз сезініп, өзіне деген сенімін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайды елемей қалмау – әр адамның жауапкершілігі. Оқушы қиындыққа тап болған жағдайда ата-анасына, мұғаліміне немесе сенім артатын ересек адамға айтуы қажет.

 

Буллингтің алдын алуда отбасы мен мектептің өзара байланысы ерекше маңызды. Баламен ашық сөйлесу, оның пікірін тыңдау және мәселесін назардан тыс қалдырмау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Әр бала құрметке, түсіністікке және қауіпсіз ортада білім алуға құқылы. Бір-бірімізді кемсітпей, қолдау көрсетіп, өзгеге құрметпен қарау арқылы ғана буллингсіз орта қалыптастыра аламыз.

 

Гүлбану Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT