Конституциялық өзгерістер -жаңа серпін

Қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар барлық салаға, соның ішінде білім беру жүйесіне де жаңа серпін беріп отыр.

 

 

Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру. Білім саласында бұл ең алдымен әр баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру және басқару жүйесін жетілдіру арқылы көрініс табуда. Соңғы жылдары мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайып, білім беру ұйымдары кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Бұл – мемлекет тарапынан білімге жасалып отырған нақты қолдаудың нәтижесі. Мен үшін Конституциялық өзгерістер – күнделікті қабылданатын басқарушылық шешімдердің, жоспарлы жұмыстардың және жауапкершіліктің құқықтық негізі болып табылады. Әрбір бастама мен жоба заң талаптарына және азаматтардың мүддесіне сай жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан,жаңа кезеңдегі басты міндетіміз – білім беру сапасын арттыра отырып, саналы, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Бұл -ел дамуы жолындағы баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

 

 Орынша Ділмұқашева

Аудандық білім бөлімінің басшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026