Конституция реформасы – халық мүддесіне бағытталған нақты қадам

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан Конституция реформасы - еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына тың серпін беретін маңызды бастама.

 

Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әділ әрі ашық қоғам қалыптастыру. Реформа халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Ашықтық, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттары басты орынға қойылып, мемлекеттік шешімдер қоғамның пікірімен санаса отырып қабылданатын болады.

 Конституцияға енгізілген бұл өзгерістер - тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ ұрпақтың еркін, қауіпсіз және әділетті елде өмір сүруі үшін қаланған берік негіз. Халық үні естілетін, заң бәріне бірдей жұмыс істейтін мемлекет құру - ортақ мақсатымыз.

Айгерим Мергалиева

Бөлене ауылдық округі әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT