Конституция -елдің негізгі тірегі

Жаңа Конституция – еліміздің құқықтық негізін айқындайтын аса маңызды құжат. Онда мемлекеттің басты құндылығы ретінде адам, оның өмірі мен құқықтары ерекше маңызға ие екені айқын көрсетілген. Әрбір азаматтың заң алдындағы теңдігі, әділдік қағидатының сақталуы және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты негізгі ұстанымдар кеңінен қамтылған. Мұндай қағидаттар елдегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, мемлекетіміздің дамуына берік негіз болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, жаңа Конституция халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін арттырып, қоғамдағы ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Азаматтардың пікіріне құлақ асу, қоғамдық келісімді сақтау және елдің болашағына деген ортақ жауапкершілікті сезіну сияқты маңызды ұстанымдар айқын көрініс тапқан. Сондықтан бұл құжат еліміздің алға қарай сенімді қадам басуына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді деп сенемін.

 

Бибинұр Иманалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT