Президенттің Жолдауында көтерілген «Таза Қазақстан» бастамасы – тек экологиялық жоба ғана емес, бұл – қоғам мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және тазалықты сақтау әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Таза аула, таза көше, таза қала – бұл ең алдымен халықтың денсаулығы мен өмір сапасының көрсеткіші. Сондықтан сенбіліктер ұйымдастыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық тәртіпті күшейту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
«Таза Қазақстан» бастамасы арқылы жастарға табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімі қалыптасады. Себебі туған жердің тазалығы – елге деген құрметтің белгісі.
Меніңше, бұл жоба экологиялық мәдениетті арттырып қана қоймай, қоғамды біріктіретін игі іс болмақ. Таза орта – салауатты ұлттың негізі, ал салауатты ұлт – мемлекеттің жарқын болашағы.
Жанаргул Кайрлиева
студент



