Тазалық – тек қоршаған ортаның көркі емес, ол әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. Қоқысты кез келген жерге тастамай, табиғатты таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған. Алайда тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуы қажет.
Әр адам өз ауласынан, өз көшесінен тазалықты бастағанда ғана қоқыссыз, жайлы әрі көрікті қоғам қалыптасады. Табиғатқа деген жанашырлық – келешек ұрпаққа деген қамқорлық.
Таза орта – таза ойдың, мәдениетті қоғамның белгісі. Қоқыссыз Қазақстан құру әрқайсымыздың қолымызда.


