Жалпы әлемнің дамыған елдерінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу табысты салаға айналған. Ал біздің елімізде қоқыс полигондарының басым бөлігі әлі де экологиялық және санитарлық талаптарға толық сай емес.
Бұған дейін қоқыс алаңын ретке келтіру мақсатында кент маңындағы полигон жанынан ангар үлгісіндегі сұрыптау кешені салынған болатын. Алайда бұл нысан әлі күнге дейін іске қосылмай отыр. Сонымен қатар полигон аумағында өрттің жиі тіркелуі де тұрғындарды алаңдатып келеді. Әсіресе жел тұрған күндері одан шыққан түтін бүкіл кентке таралып, халықтың наразылығын тудыруда.
Бұл сенбілік – тек бір күндік шара емес, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бастауы болуы . Тазалық – тек әкімшіліктің емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екені ұмытылмауы қажет

