ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы бөлінген қаржы көлемімен ғана емес, оның халыққа әкелген нақты нәтижесімен бағалануы тиіс.

Осы ретте «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында мемлекеттік комиссия құру және оның жұмысына қоғам өкілдерін тарту бастамасының маңызы зор. Себебі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау – баршаға ортақ жауапкершілік. Комиссия құрамына журналистердің, қоғам белсенділері мен волонтерлердің енуі атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, құрылыс жұмыстарының сапасына қоғамдық назар аударылады. Ең бастысы, мемлекет қаржысы ел игілігіне қызмет етіп, әрбір жобаның нәтижесі тұрғындардың тұрмысынан көрініс табуы керек.

Ғалия Жұмағалиева

ардагер-ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT