Индер ауданы полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесімен, Аудан жастары арасында “Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойын, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)” тақырыбында профилактикалық жиын өткізілді!
Қоғамдағы ең зиянды дерттерге құмар ойындар (лудомания), ішімдікке салыну, нашақорлық (есірткі) және алаяқтық жатады. Бұл әлеуметтік кеселдер жеке тұлғаның рухани және физикалық денсаулығын бұзып, отбасылардың бұзылуына, қаржылық дағдарысқа және қылмыстың өсуіне тікелей әсер етеді.
Негізгі қоғамдық дерттер:
Құмар ойындар (Лудомания): Қаржылық тәуелділікке, қарызға батуға және психологиялық күйзеліске әкеледі.
Ішімдікке (алкоголизм) салыну: Денсаулықты құртып, әлеуметтік деградацияға ұшыратады.
Нашақорлық (есірткі): Адам өмірін тез арада жойып, қылмыстық әрекеттерді тудырады.
Алаяқтық: Сенімге кіріп, өзгелердің мүлкін заңсыз иелену арқылы қоғамдағы сенімсіздікті арттырады.
Рухани дерттер: Өтірік айту, ғайбаттау, күншілдік сияқты мінез-құлықтар да қоғамның бірлігіне зиян келтіреді.
Бұл дерттермен күресу үшін имандылықты арттыру, сананы сергек ұстау және салауатты өмір салтын насихаттау қажет екендігін ескертеміз!!!
Индер ауданы полиция бөлімі



