Коалиция мүшелерімен Бөдене ауылында мазмұнды кездесу өтті

Коалиция мүшелері Нұржан Бисенбаев пен Бақберген Сакипов Индер ауданына қарасты Бөдене ауылындағы Бөдене спорт мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, ұсынылып отырған түзетулердің мазмұны мен олардың елдің тұрақты дамуына қосар үлесі жан-жақты түсіндірілді.
Басқосу ашық әрі еркін диалог алаңында өтіп, жаңартылған Негізгі заңның қоғамдағы рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудағы орны кеңінен талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарына нақты әрі мазмұнды жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026