Қазіргі таңда интернеттегі алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі жалған сілтемелер, сайттар мен хабарламаларды пайдаланады. Олар банк атынан, мемлекеттік орган немесе таныс адам ретінде хабарласып, жеке мәліметтерді алуға тырысуы мүмкін.
Белгісіз нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпеу, логин, пароль, банк картасының деректері мен SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу – қауіпсіздіктің басты ережесі.
Интернет арқылы төлем жасамас бұрын сайттың сенімділігін тексеріп, күмәнді ұсыныстарға сенбеу қажет. Асығыс шешім қабылдамай, кез келген ақпаратты мұқият тексерген жөн.
Қырағылық таныту – өз қаржыңыз бен жеке деректеріңізді қорғаудың ең тиімді жолы. Алаяқтықтың алдын алу әр адамның жауапкершілігінен басталады.


