Құмар ойындар жаман әдет пе, әлде ауру ма?

"Құмар ойындар, әрине, жақсы емес, бірақ алкоголизмнен немесе нашақорлықтан әлдеқайда жақсы", - деп ойлайды көптеген адамдар. Бірақ олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Кез-келген тәуелділік — құмар ойындардан, ставкалардан, адреналиннен (экстремалды іс-шаралар), компьютерлік ойыннан, тамақтан, жыныстық қатынастан, шоппингтен - бұл ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін созылмалы ауру.    

Құмар ойындар миға есірткі немесе алкоголь сияқты әсер етеді, мидың тура сол аймақтарын белсендіреді және адамда соған ұқсас "психологиялық" жоғары деңгей береді. Құмар ойыншы немесе ғылыми тұрғыдан лудоман бұл сезімді қайта-қайта сезінгісі келеді, сондықтан ол казиноға қайта-қайта барады немесе ставкалар жасайды. Лудомания психикалық және физикалық денсаулықты, психоактивті заттар секілді (есірткі, алкоголь және т.б.) сияқты бұзады. Лудоманияның ерекше қауіптілігі - құмар ойындардың көпшілігі қол жетімді, есірткі сияқты заңмен тыйым салынбаған.

Лудомания науқастың отбасына, мансабына және өміріне қатты әсер етеді, сондықтан оның белгілерін білу және көмекті қайдан күту керектігін түсіну маңызды.

Нұрбану Қайреденқызы

психолог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT