Соңғы жылдары Қазақстанда құмар ойын, әсіресе онлайн букмекерлік, казино, лотерея жасөспірімдер мен жастар арасында өте тез тарап кетті. Себебі бәрі телефонда: 1 клик және "миллион" алыста емес сияқты.
Неге адам құмар ойынға тәуелді болады?
"Жеңіл ақша" иллюзиясы. Әлеуметтік желіде "мен 50 мың салып 500 мың ұттым" деген видеолар толы. Бірақ ешкім "мен 2 миллионды ұтылдым" деп айтпайды.
Ең қауіпті салдары
Қаржылық: кредит, ломбард, туыс-достарынан қарыз. Көбісі пәтерін, көлігін сатады.Отбасылық: өтірік, сенімсіздік, ажырасу.Психологиялық: депрессия, ұйқысыздық. Ең сорақысы — өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары да тіркеледі.Қылмыс: ақша табу үшін алаяқтық, ұрлық.Мамандар құмар ойынды "химиялық затсыз нашақорлық" деп атайды. Себебі миға әсері есірткімен бірдей. Жақындарыңыздан жасырмаңыз.Заң тұрғысынан: 2024 жылдан бастап Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатаң айыппұл салынды. Бірақ басты күрес адамның басында болуы керек.
Құмар ойын сізге ақша әкелмейді. Ол сізден уақытты, денсаулықты, отбасын және болашақты алады.
"Бақытты билет" жоқ. Бақытты өмір бар — ол күнделікті еңбекпен, сабырмен келеді.
Гүлбану Насиполла



