Құмар ойын – отбасының берекесін кетіреді

Құмар ойын – адамды қаржылық қиындыққа ғана емес, рухани және әлеуметтік дағдарысқа да алып келетін қауіпті тәуелділік. Оған әуестенген адам уақыт өте келе отбасының сенімінен айырылып, қарызға батып, жақындарымен қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін.

 

Өкінішке қарай, құмар ойынның салдарынан көптеген отбасында жанжал көбейіп, материалдық қиындықтар туындайды. Сондықтан оңай пайда табуды көздейтін жалған үмітке емес, адал еңбек пен жауапкершілікке басымдық берген жөн.

 

Әрбір азамат өз болашағы мен отбасының амандығын ойлап, құмар ойыннан аулақ болғаны дұрыс. Берекелі отбасының негізі – өзара сенім, еңбек және дұрыс таңдау.

 

Қ.Мұқасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT