Лудомания – бүгінгі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Құмар ойындарға тәуелділік адамды психологиялық, әлеуметтік және қаржылық дағдарысқа ұшыратады. Бұл дерт тек жеке адамның емес, тұтас отбасының тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізеді.
Құмар ойынға тәуелді адамдардың уақытын, қаржысын, тіпті болашағын ойынға байлап қоюы – қауіпті үрдіс. Мұның салдарынан отбасылық жанжалдар, қарызға батушылық, жұмыссыздық және қылмысқа бару жағдайлары жиілеп отыр.
Сондықтан лудоманияның алдын алу үшін қоғамда түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, спорт пен пайдалы істерге баулу аса маңызды. Әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын таңдауы тиіс.
Лудоманиямен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Дендер Ақпарат

