Конституциялық түзетулер қоғамдық қатынастардың жаңа талаптарына жауап беру қажеттілігінен туындаған деп білемін. Қазіргі кезеңде құқықтық нормаларды жаңарту мемлекеттік басқару сапасын жетілдіруге және заң үстемдігін нығайтуғак бағытталуы тиіс. Бұл үрдіс мемлекеттік институттардың қызметін заманауи талаптарға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселесі ерекше назарда болуы қажет деп есептеймін. Конституциялық деңгейде қабылданған нормалар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қоғамдағы сенімді арттыруға әсер етуі мүмкін.
Шынаргүл Темирбаева



