Сталкинг – азаматтардың жеке өміріне қол сұғатын, қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке нұқсан келтіретін өзекті мәселе. Бұл құбылысқа немқұрайлы қарау құқық бұзушылықтардың ушығуына әкелуі мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіп қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сталкингтің алдын алу және оған тосқауыл қою тетіктерін жетілдіру аса маңызды.
Құқықтық мемлекет жағдайында әрбір азаматтың ар-намысы, қауіпсіздігі және жеке кеңістігі заңмен қорғалуы тиіс. Сталкингке қатысты нақты құқықтық нормалардың қабылдануы және олардың тиімді орындалуы – қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жүйелі шаралар қоғамдық тұрақтылық пен заң үстемдігін нығайтуға қызмет етеді.
Г.Қайрлықызы



