Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық – бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену. Яғни алаяқ сіздің ақшаңызды немесе мүлкіңізді жасырын ұрламайды. Керісінше сізді белгілі бір нәрсеге сендіріп, ақшаңызды өз қолыңызбен беруге немесе аударуға көндіреді.
Ағымдағы жылдың жеті айында аудан аумағында 16 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 33 пайызға төмендеген. Тергеп-тексеру нәтижелерімен 3 қылмыстық іс сотқа жолданып, нәтижесінде 3 адам сотталып, оның ішінде біреуі бас бостандығынан айырылған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 14 млн. теңгеден астам шығын келтірілген. Алаяқтардың көбісі 30-40 жас аралығындағы азаматтармен жасалған.
Соңғы жылдары кең таралған заңсыз әрекеттердің бірі – дропперлік. Осындай дропперлік әрекеті үшін аудандық сот үкімімен « С » азаматқа қылмыстық кодекстің 232 - 1 бабының 1-бөлігімен айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Берік Джанбай,
кіші әділет кеңесшісі


