Құқықтық мәдениет - қоғам дамуының кепілі

Құқықтық мәдениет адамның заңды білуі, оны құрметтеуі және күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуі. Бұл ұғым қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өйткені заңға бағынған қоғамда тәртіп те, тұрақтылық та болады.  

 

Құқықтық мәдениеті жоғары  адамдар өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінеді. Олар заңды бұзбауға тырысады және өзгенің құқығына қол сұқпайды. Сонымен қатар, әр адам өз құқығын қорғай алады және қажет жағдайда заңды түрде де  әрекет ете алады. Осындай қоғамда тәртіп пен әділеттілік қалыптасып, адамдар бір-біріне құрметпен қарайды. 

 

Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі өте зор. Мектептен бастап оқушыларға заң негіздерін үйрету, құқықтық сауаттылықты арттыру - болашақтың кепілі. Жастарға құқық пен міндеттің тең екенін түсіндіру маңызды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер де халыққа заң туралы ақпарат таратып, құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. 

 

Бұдан бөлек, отбасының да тәрбиелік маңыздылығы ерекше. Бала кішкентайынан бастап тәртіпке, жауапкершілікке, әділдікке үйренсе, ол өскенде заңды құрметтейтін азамат болады. Сондықтан құқықтық мәдениет тек мектепте ғана емес, отбасында да қалыптасады. 

 

Әрбір азамат өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамдағы құқық бұзушылық саны азаяды. Заңды сақтау - тек міндет қана емес, ол әр адамның саналы таңдауы болуы тиіс. Бұл өз кезегінде елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына оң әсер етеді. 

Ққұқықтық мәдениет - тек заңгерлерге ғана емес, әрбір азаматқа қажет. Құқықтық мәдениеті жоғары ел - болашағы жарқын, дамыған мемлекет. Сондықтан әрқайсымыз заңды біліп, оны құрметтеп, өмірде дұрыс қолдануға тырысуымыз керек

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT