Зорлық-зомбылық – қоғамның тыныштығы мен отбасының берекесіне қауіп төндіретін келеңсіз құбылыс. Ол адамның ар-намысына, денсаулығына және психологиялық жағдайына ауыр зардап әкеледі. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кейде отбасы ішінде де кездесіп жатады.
Әрбір азамат қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Сондықтан зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытып, оның алдын алу маңызды. Қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде қолдау көрсетіліп, құқықтық көмек берілуі қажет.
Қоғамда сыйластық пен өзара құрмет құндылықтарын нығайту арқылы ғана зорлық-зомбылықтың алдын ала аламыз. Бейбіт өмір мен берік отбасы – әрқайсымыздың ортақ мақсатымыз.


