«Қарасора - 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Көктоғай ауылдық округінің аумағында жабайы қарасора өсетін орындарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу және жабайы қарасораны жоюдың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және күмәнді жағдайлар мен жабайы қарасора өсетін орындар анықталған жағдайда тиісті органдарға дер кезінде хабарлауға шақырамыз.
Индер аудандық полиция бөлімі



