Өмірде әр адам түрлі сынаққа кезігеді. Кейде қиындықтың шешімі жоқтай көрініп, адам өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Бірақ қандай жағдай болса да, үмітсіздік – соңғы нүкте емес.
Суицид туралы ойдың өзі – адамның ішкі жан дүниесінде көмекке деген қажеттіліктің белгісі. Мұндай сәтте үнсіз қалмай, жақын адаммен сөйлесу, қолдау сұрау және мамандарға жүгіну маңызды. Бір ауыз жылы сөздің өзі адамның ойын өзгертуі мүмкін.
Сондықтан айналамыздағы адамдарға бейжай қарамайық. Біреудің көңіл-күйіндегі өзгерісті байқасақ, тыңдауға уақыт бөлейік. Адамды құтқаратын кейде үлкен іс емес, дер кезінде көрсетілген қарапайым қамқорлық болуы мүмкін.
Өмірде қандай қиындық кездессе де, оның шешімі бар. Ең бастысы – жалғыз қалмау және көмек сұраудан қорықпау. Өмір – біреу. Оны бағалай білейік.


