Сыр елінің төрінде өткен V Ұлттық құрылтайдан халық маңызды шешімдер күткені анық. Алдымен ел тағдырын ше шуде өзіндік рөл атқаратын Парламентті реформалау бағытындағы, оның ішінде атауын өзгерту турасындағы Президент пікірі көңілге қонды.
Бұл турасында Мемлекет басшысы: "Ең алдымен, болашақ парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын", – деді. Сөз жоқ, бұны халық тарапынан кең қолдауға ие болатын баянды бастама деп қабылдаған жөн. Құрылтай аясында айтылған өзге де сөйлеушілердің талап-тілектері мен ұсыныстарына да Президентіміз өз көзқарасын білдіріп, ортақ шешім қабылдауды халық еншісіне қалдырып отыр. Бұл Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемле кет» бастамасының жүзеге асырылып жатқанының белгісі деп есептеймін.
Бағытжан ҚҰНАС,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



