Қазір интернеттегі алаяқтықтың түрі көбейіп, адамдарды түрлі тәсілмен алдауға тырысатындар кездеседі. Сондықтан жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу маңызды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, бейтаныс адамдардың қоңырауы мен ұсынысына бірден сенбеген дұрыс. Цифрлық сауаттылықты арттыру – киберқылмыстың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Ең бастысы – асықпай тексеру, сақ болу және күмәнді жағдайда тиісті органдарға хабарлау.
Ж.Нариманова


