Кибербуллинг - үнсіз қауіп

Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қорлау, мазақ ету, қорқыту немесе жалған ақпарат тарату сияқты әрекеттерді қамтитын күрделі мәселе. Мұндай қысым баланың психологиялық жағдайына кері әсер етіп, өзіне деген сенімін төмендетуі мүмкін.

 

Әрбір жасөспірім интернетте де әдеп пен жауапкершілік қағидаларын сақтауы тиіс. Біреуді қорлайтын пікір жазбау, жеке мәліметтерді рұқсатсыз таратпау және кибербуллингке тап болған жағдайда ата-анаға немесе мұғалімге хабарлау маңызды.

 

Интернеттегі мәдениетті қарым-қатынас пен өзара құрмет – қауіпсіз цифрлық ортаның негізі.

Ж.Ізімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT