Баршамызға мәлім болғандай егемен еліміз жаңаша дамудың бағытна қадам басты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқару тізгінін қолға алғанда елде жаңаша саяси дамудың реформасын қолға алатынын айрықша атап өткен болатын. Соның бір айғағы сыр елі-жыр елі, еліміздің алғашқы астаналарының бірі болған Қызылорда төрінде өткен ұлттық құрылтайда Ата заңымызға қатысты толымды пікір атап өткен еді. Оған себеп қолданыстағы конституцияға байланысты қоғамдық пікірдің қалыптасуы еді.
Президентіміздің арнайы Жарлығынаа сәйкес Конституциялық сот төрағасы жетекшілік ететін құрамында мәжіліс депутаттары, заңгерлер, аумақтардағы мәслихат депутаттары бар құрамында 130 адамнан тұратын арнайы жұмысшы тобы құрылып жұмыс істеді.Аталған жұмысшы тобы «Egоv. Kz» электронды үкімет порталы арқылы халық тарапынан түскен ұсыныстар мен өтініштер қабылданып назарға алынғаны көңілге қуаныш ұялатады. Комиссия құрамынан құрылған әрбір жұмысшы тобы ел тұрғындары тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді саралап, зерделеп ортақ талқыға салынды.
Талқылау барысында сан алуан пікірталастың болғаны анық. Оны біз әлемуеттік желілер арқылы комиссия мүшелерінің таратқан ақпаратынан анық біліп отырмыз. Қазақ халқы қашанда сәрсенбіні сәтті күн деп есептеген.
11 ақпан сәрсенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы 15 наурызды халықтық референдум деп жариялап арнайы Жарлыққа қол қойды. Ендеше дәл осы күні халық өз таңдауын жасап, болашағын бағдарлап, дамуы дара мемлекетке айналуына мүмкіндік беретін басты құжатты қабылдауға ұмтылмақ.
Мұрат ҚАНСҰЛТАНОВ,
аудандық билер кеңесінің төрағасы



