Конституциялық реформа – мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.
Ол қоғам сұранысына сай басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Реформа арқылы билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік нығаяды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Саяси қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, халықтың шешім қабылдауға ықпалы артады. Бұл өзгерістер елдегі демократиялық үрдістердің дамуына серпін береді. Конституциялық жаңару мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. Нәтижесінде елдің тұрақтылығы бекемделіп, болашаққа деген сенім күшейеді.
Қайрат Мұратұлы

