Жаңа Конституция жобасының бүкілхалықтық референдумға ұсынылуы – ел өміріндегі маңызды қадам. 15 наурызда өтетін дауыс беру – әр азаматтың болашаққа деген жауапкершілігін айқындайды.
Мен үшін бұл құжаттың басты ерекшелігі – адамға бағдарлануы, яғни азаматтың құқықтары мен мүддесінің бірінші орынға қойылуы. Бірлік пен ынтымақ, этносаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде нақты көрсетілген. Сонымен қатар әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау, адвокатура туралы жаңа баптардың енгізілуі – үлкен артықшылық.
Ең бастысы, мемлекеттің қайнар көзі – халық екені айқындалған. Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық болып, еліміздің бірлігі арта берсін!
Сүйеу Халықов
Ардагер журналист

