ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕЛ БАСҚАРУ ТІЗГІНІН ҚОЛҒА АЛҒАНДА ЕЛДЕ ЖАҢАША САЯСИ ДАМУ РЕФОРМАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ. СОНЫҢ БІР ҚЫЗЫЛОРДА ТӨРІНДЕ ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА АТА ЗАҢЫМЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ТҰЩЫМДЫ ОЙЫН ОРТАҒА САЛҒАН ЕДІ. 

Президентіміздің арнайы Жарлығынаа  сәйкес Конституциялық сот төрағасы жетекшілік ететін құрамында мәжіліс депутаттары, заңгерлер, аумақтардағы мәслихат депутат тары бар, құрамы 130 адамнан тұратын арнайы топ құрылып, жұмыс істеді. Аталған жұмысшы тобы «Egоv.Kz» электронды үкімет порталы арқылы халық тарапынан түскен ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынғаны көңілге қуаныш ұялатады. Ұсыныс пікірлерді талқылау барысында сан алуан пікірталастың болғаны анық. Оны біз әлемуеттік желілер арқылы комиссия мүшелерінің таратқан ақпаратынан, БАҚ-нан біліп отырмыз. Мемлекет басшысы алдағы 15 наурызды халықтық   референдум күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойды. Ендігі жерде дәл осы күні халықтың өз таңдауын жасап, болашағын бағдарлап, да муы дара мемлекетке айналуына мүмкіндік беретін басты құжатты қабылдауға ұмтылғаны керек.

Мұрат ҚАНСҰЛТАНОВ,

 аудандық билер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026