Халық мүддесі-мәслихат жұмысының басты бағыты

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. 


Форумның негізгі мақсаты – жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту, мәслихаттардың тиімді жұмысын арттыру және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолдарын талқылау.
Форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөліне тоқтала келе, жергілікті өкілді органдар халықтың мүддесін қорғап, өңірлердің тұрақты дамуына серпін беретін маңызды институт екенін атап өтті. 
Сонымен қатар «Күшті өңірлер – қуатты ел» қағидасын жүзеге асыруда мәслихат депутаттарының жауапкершілігі жоғары екеніне назар аударды.
Сөз соңында,Жаңа Конституцияның жобасын қолдау мақсатында өтілетін референдумға Халықтың қолдауы маңызды екенін баса айтып өтті.
Ақжібек КЕРІМБАЙҚЫЗЫ,
“Amanat” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, 
Аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT