Халық Кеңесі - халық пен билік арасындағы алтын көпір

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің тарихи алғашқы сессиясы өтті. Бұл – саяси жүйедегі реформалардың маңызды жалғасы. Мемлекет басшысы Кеңестің басты мақсаты қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту екенін атап өтті.

Президент Кеңес құрамына кәсіби білімі мен өмірлік тәжірибесі мол, елге жанашыр азаматтар енгенін айтты. Сондай-ақ Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынып, ол Кеңес Төрағасы болып сайланды.

Меніңше, Қазақстан Халық Кеңесі – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаң. Ол қоғамның түрлі өкілдерінің пікірін ескеруге, ел үшін маңызды мәселелерді ортақ талқылауға мүмкіндік береді. Бұл – халықтың үнін естуге және қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сағымбай Керешов,

ардагер ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT