Халық денсаулығы – мемлекеттің басты құндылығы

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституция жобасында халық денсаулығын қорғау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалуы – денсаулық сақтау саласының қоғам өміріндегі маңызын арттыратын маңызды қадам деп есептеймін. Азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығын конституциялық деңгейде бекіту әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтады.
Ұсынылып отырған нормалар медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, алдын алу шараларын дамытуға және халық денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін күшейтіп, салаға жүйелі қолдау көрсетуге құқықтық негіз қалыптастырады.
Жалпы алғанда, Жаңа Конституция жобасындағы медицина саласына қатысты баптарды қолдаймын және оның халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық денсаулықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат екеніне сенім білдіремін.

Торғын Камалова

аудандық емхана ембикесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026