КЕРІ БАЙЛАНЫС СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫ БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІНДІКТЕН, БҰЛ САЛАДАҒЫ АШЫҚТЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫБАЙ­ЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ЖОЛ БЕРМЕУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ.

Қазіргі таңда пара алу, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуы секілді әрекеттер жиі орын алуда. Мұндай құқық бұзушылықтар қаржылық тәртіптің бұзылуына, бақылаудың әлсіздігі, заңдардың толық орын­далмауы, мемлекеттік қызметтегі жалақының төмен болуы, қоғамдағы құқықтық мәдениеттің жеткіліксіздігі, ашықтықтың болмауы, бюрократия мемлекетке деген сенімнің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында заңнамаларды, қоғамдық, ішкі бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтегі ашықтықты арттыра түсу, цифрландыруды дамыту маңызды. Қазынашылық органдарында тұрақты түрде жүргізілетін тексерулер, тәуекелдерді бағалау және қызметкерлердің әрекеттерін мониторингтеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді. Әсіресе қызметтік өкілеттіктерді нақты бөлу және жауапкершілікті айқындау, қызметкерлердің кәсіби эти­касы мен адалдық қағидаларын сақтау керек. Сондықтан тұрақты түрде оқыту семинарлары өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырады . 

Бұған қоса азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралып, заң талаптарына сай, уақытылы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бұл – ашық әрі есеп беретін мемлекетті б асқарудың негізі.

Г.ЧУЙШКАЛИЕВА,

аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT