Қазақстан-Қытай байланысы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюы - еліміздің экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытайлық бизнес өкілдерімен кездесуі өзара сенімге, достыққа және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстардың жаңа кезеңге өткенін көрсетті.

Екі ел арасындағы әріптестіктің кеңеюі сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, өндіріс орындарын ашуға және заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастық ел экономикасының тұрақты дамуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң ықпал етеді.

Президент атап өткендей, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығы» өзара тиімді серіктестіктің жаңа белесін білдіреді. Халықтар арасындағы сенім мен достық, ортақ мақсаттарға ұмтылу және тұрақты байланыс екі мемлекеттің ғана емес, бүкіл өңірдің дамуына оң әсер етеді. Сондықтан мұндай кездесулер мен іскерлік байланыстар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.

 

М.Қансұлтанов

ауданның құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT