Қазақстан-Корея: "Алтын көпір" арқылы нығайған достық

Бүгінде Қазақстан мен Корея арасындағы достық және өзара ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Соның бір көрінісі - Қазақстан Парламенті мен Корея Ұлттық Ассамблеясы арасындағы тұрақты диалог.

Мемлекет басшысының «Қазақстанда шамамен 120 мың корё-сарам қауымы тұрады. Олар халықтарымыз арасындағы достықтың «алтын көпірі» деген сөзі екі ел арасындағы байланыстың мәнін дәл көрсетеді.

1937 жылы Қазақстанға күштеп қоныс аударылған корей халқын қазақ жұрты бауырына басып, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетті. Бүгінде корё-сарам қауымы еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Келер жылы осы тарихи қоныс аударуға 90 жыл толады. Бұл – өткенді ұлықтап, Қазақстан мен Корея арасындағы достықтың тамыры тереңде жатқанын тағы бір мәрте көрсететін маңызды белес.

Қазақстан мен Корея - географиялық алыс болса да, жүрегі жақын елдер.

Бағытжан ҚҰНАС,
ардагер-ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT