Қауіпсіздік іс-шарасы аясында аудан тұрғындары арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында халықпен ашық форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зияны, оның алдын алу жолдары және заң аясындағы жауапкершілік кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі инспектор тарапынан нақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беріп отырды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде қоғам белсендісі, 2023 жылғы “Құрмет азаматы”, ерікті (волонтер), үздік блогер Қуат Жанесеев қатысып, өз пікірін білдіріп, халықпен еркін диалог құрды. Сонымен қатар, ол азаматтарды отбасындағы татулық пен сыйластықты сақтауға шақырды.
Белсенді қатысқан тұрғындарға шағын сыйлықтар табысталып, олардың қызығушылығы мен қолдауы ерекше атап өтілді.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасы құндылықтарын нығайту.
Халық тарапынан көрсетілген қолдау мен алғыс іс-шараның маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

