Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың 11-16 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, көлік құралдарын басқару кезінде белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, қарсы жолаққа шықпауға, қауіпті маневр жасамауға, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзбауға, жүргізуші куәлігінсіз басқаруға, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге көлік құралын басқармауға, есірткілік немесе уытқұмарлық, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде көлік құралын басқармауға және т.б жол ережелерін қатаң сақтау болып табылады.
Осыған сәйкес, Индер ауданы полиция бөлімі көлік құралын басқару кезінде жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауларын ескертеді.


