«Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақ»

«Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақ» тақырыбында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және ата-аналардың бала қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру.
Рейдтік іс-шара барысында отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға қауіптің алдын алу, балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету және туындаған мәселелер бойынша тиісті мамандарға дер кезінде жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.
Қауіпсіз отбасы – қоғам тұрақтылығының негізі.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
 
Индер аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT