2026 жылдың 3 сәуірі күні “Қауіпсіз орта-саналы ұрпақ: бала құқығы, отбасы жауапкершілігі және қоғам ролі” тақырыбында 8-11сынып оқушылары мен ата-аналары және мектеп мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыс болып өтті.
Жиналысқа арнайы өкілдер қатысып,өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті:
1.Аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Ешманов Нариман Олжабаевич;
2.Аудандық білім бөлімнің басшысы Дилмукашева Орынша Матаевна;
3. Индер АПБ-і ҚКБ-нің бастығы,полиция майоры Жұмағалиев Ғалымжан Жұлдызұлы;
4.Есбол дәрігерлік емханасының аға меңгерушісі Дарисбаев Айбек Жамбылұлы;
5.Аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бакетов Самиғолла Бакетұлы;
6.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Кайыржанова Асель Бауыржановналар қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында болып жатқан құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктер туралы айтып,ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын барысында бала құқығын қорғау,құқықбұзушылықтың алдын алу,отбасындағы тәрбиенің маңызы,жасөспірімдер денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы маңызды ақпараттар берілді.

