ҚАТЕР – АЯҚ АСТЫНДА

КӨП ЖАҒДАЙДА АТА-АНАЛАР ТЕРЕЗЕ АШЫҚ ТҰРҒАНДА ОНЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ ЕКЕНІН ЕСКЕРЕ БЕРМЕЙДІ. АЛАЙДА КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕ АЛДЫНА ОҢАЙ КӨТЕРІЛІП, СЫРТҚА ҚҰЛАП КЕТУІ МҮМКІН. МҰНДАЙ ОҚИҒАЛАР КӨБІНЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ЖИІЛЕЙДІ, СЕБЕБІ БӨЛМЕНІ ЖЕЛДЕТУ ҮШІН ТЕРЕЗЕЛЕР ЖИІ АШЫЛАДЫ.

 

Балалар сырттағы дыбысқа, құстарға немесе ойын алаңына қарап, терезеге жақындайды. Егер терезеде қорғаныш құралдары болмаса, бұл үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Әсіресе москит торлары қауіпсіздік құралы емес, себебі олар баланың салмағын көтере алмайды. Осындай қауіптің алдын алу үшін ата- аналар бірнеше қарапайым ережені сақтау керек.

Біріншіден, терезеге арнайы бекіткіш немесе қорғаныш құралдарын ор­нату қажет. Екіншіден, терезе маңына жиһаз қоймау керек, өйткені бала сол арқылы оңай шығып кетуі мүмкін. Үшіншіден, баланы ешқашан қараусыз қалдырмау маңызды.

Қорыта айтқанда, ашық терезе – жай ғана желдету құралы емес, балалар үшін қауіпті аймақ. Сондықтан әр ата-ана баласының қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, сақтық шараларын міндетті түрде сақтауы керек.

 

Қ.АЮПОВ,

аудандық №5 ӨСБ қарауыл басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT