Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Индер ауданы аумағында заңсыз қару айналымының алдын алу, азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара барысында 2026 жылғы 22 шілдеде азаматтық қаруды сақтау талаптарын бұзған бір тұлға анықталды. Тексеру нәтижесінде қаруды сақтау ережелерінің бұзылғаны белгілі болып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаруы тәркіленіп алынды және тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
Құрметті қару иелері!
Азаматтық қаруды сақтау кезінде заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз. Қару арнайы металл сейфте сақталуы тиіс және бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол берілмеуі қажет. Қару сақтау қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Заң талаптарын сақтау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.


