"Қарасора" жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Индер ауданы аумағында Ағымдағы жылдың 1-маусым және 31 қазан аралығында <<Қарасора>> жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу, анықтау және жолын кесу.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы қараусыз қалған жер телімдері, жайылымдық аумақтар, су арналары мен өзге де аумақтар тексеріліп, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және сақтау деректерін анықтауға бағытталған рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында есірткінің зияны мен оны заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Индер ауданының полиция қызметкерлері азаматтарды есірткі құқық бұзушылықтарына бейжай қарамауға және мұндай фактілер белгілі болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT