Интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан сақтану – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Цифрлық технологиялар дамыған сайын алаяқтықтың да түрлі тәсілдері көбейіп келеді. Сондықтан әрбір азаматтың қаржылық сауаттылығы мен ақпараттық қауіпсіздікке деген жауапкершілігі жоғары болуы қажет.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін бейтаныс сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге бермеу маңызды. Сонымен қатар қысқа мерзімде жоғары табысқа кенелуді уәде ететін күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбей, кез келген ақпаратты мұқият тексерген жөн.
Қаржы пирамидалары көбіне азаматтардың сеніміне кіріп, оңай әрі мол пайда табуға қызықтыру арқылы әрекет етеді. Мұндай ұсыныстарға алданып, қаржылық шығынға ұшырамау үшін ұйымның заңдылығын тексеріп, күмәнді жағдайларда мамандардан кеңес алған дұрыс.
Тілектес Қибатолла



