Бүгінде елімізде спирттік ішімдіктерді сатудан, пайдаланудан өз еріктерімен бас тартқан ауылдар бар. Аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Жұмағалиевтің айтуынша, жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде бұл бастама өңірдегі Құрылыс, Қызылжар, Кете бай, Ақтан ауылдары тұрғындарынан да қолдау тапқан және соңғы жылдарда аталған ауылдарда құқық бұзушылық тіркелмеген.
ҚОРЫТА АЙТҚАНДА... Иә, арақ-ша рапты өндіруге, оны саудалауға толық тыйым салған ислам елдерінің қаржылық жағдайы арақ са татын бізден әлдеқайда артық. Соған қарағанда, арақсыз да жан бағуға бо латын секілді. Қалай дегенде де арақтан бір күнде бас тарта алмасақ та, ішінара тыйым салып, бүгінгідей еркін алко голь сатылымын тоқтату керек бо лар. Өйткені болашағымыз үшін ке сел саналатын арақтан бас тартсақ, ұрпағымызды үлкен қатерден сақтап қала аламыз.
Ж.НАРИМАНОВА


