Елімізде алкогольдік өнімдерді мөлшерден тыс тұтынып, қотара ішетін қомағайлардың қатары әлі де сиремей келеді. Өз заманында ұлы жазушы Лев Толстой айтып өткендей, «Ішімдік - отбасын ойрандатып, тексіздікке апаратын ең сорақысы қылмысқада итермелейтін бірден бір құрал болып саналады»
Қазіргі таңда әлемнің бірқатар елі қоғамның өзегіне түскен осы дертпен күресте бірқатар шаралар кешенін атқаруда. Салауатты өмір салтын наси-хаттау үшін Қазақстанда да ішімдікке қарсы күрес жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізуде. Соның нәтижесінде, өңірлердегі заңсыз ішімдіктер тәркіленіп, көлеңкелі бизнеспен күрес қарқынды атқарылуда.
Әрбір азамат зайырлы қоғамның белді бір мүшесіне айналу үшін алдымен ішімдік пен жаман әдеттерден түбегейлі бас тартуы керек.
Осы ретте, елімізде алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың салдарынан орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, зорлық-зомбылықтармен улану секілді сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің алдын алу мақсатында Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға ішімдікті тұтынудан толықтай бас тарту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, тұрғындарды маскүнемдіктен ауыздықтау бойынша учаскелік полицейлер аумақтарында орналасқан дүкендерге барып, қоғамда орын алатын қылмыстардың сонымен қатар отбасындағы түрлі ұрыс-жанжалдардың көбісі ішімдік ішу салдарынан болатынын айтып, алкоголь өнімдерін сатудан бас тартуға шақырды. Және де осындай тәжірибе барысында ішімдіктен бас тартып, сатуға қатаң шектеу қойған еліміздің кейбір аймақтарын үлгі ретінде атап көрсетуге болады.
Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындар назарына: арақ-шарап ішу отбасыңызға зиян келтіретінін, қылмыс жасауға, өліміңізге себепкер болуы мүмкін екендігін ескертеді.
Салауатты өмір салты – мемлекет саулығының негізгі кепілі



