Индер аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары тұрғындар арасында интернет-алаяқтық пен қаржылық пирамидалардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану жолдары, жеке мәліметтерді қорғау және қаржылық пирамидалардың белгілері туралы түсіндірілді.
Мамандар тұрғындарды қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, белгісіз ұйымдарға ақша салмауға және интернет кеңістігінде қырағы болуға шақырды.
Осындай профилактикалық жұмыстар халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтардың құрбаны болу тәуекелін төмендетуге бағытталған.



