«Интернет-алаяқтық: нақты жағдайлар мен сақтану жолдары»

Қазіргі таңда интернет және қаржылық алаяқтың түрлі тәсілдері аудан деңгейінде таралуы тұрғындардың мүліктік қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Ағымдағы жылдың 7 айында интернет-алаяқтық дерегі бой­ынша 16 қылмыстық іс (2025 ж. 24 қылмыс, -33,3%) тіркелді. Оның ішінде сотқа кеткен 7 іс бойынша жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығындар сот шешімімен толық көлемде өндіріліп, қаражат қайтарылды. 

Қазіргі уақытта тағы да басқа интернет алаяқтық бағытындағы 2 қылмыстық іс бойынша күдікті тұлғалар басұа облыстардан анықталып, жедел іс-шаралар жүргізу үшін бөлімнің тергеу және жедел уәкіл қызметкерлері іс- сапарға жолданып, оларға қатысты тергеу амалдары тиісті деңгейде жүргізілуде.

Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілерді күнделікті өмірде кеңінен пайдаланамыз. Алайда интернет мүмкіндіктерімен қатар, азамат­тарды алдау арқылы қаражаты мен жеке деректерін иемде ­нуге бағытталған түрлі алаяқтық әрекеттер де кездеседі.

Сондықтан әрбір азамат  интернеттегі қауіп-қатерлерді танып, алаяқтардың әрекет ету тәсілдерінен хабардар болуы маңызды,

Ербатыр Каме­шов,

аудандық поли­ция бөлімінің

Криминалдық поли­ция бөлімшесінің аға жедел уәкілі,

полиция майоры

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT