Соңғы 7 жылда Қазақстанда интернет-алаяқтық 517 жағдайдан 28,9 мыңға дейін өсті. Яғни әр төртінші тіркелген қылмыс қазір онлайн кеңістікте жасалады. Бұл жай статистика емес. Бұл – біздің күнделікті өмірімізге, сенімімізге және ақшамызға төнген тікелей қауіп.
Банк қосымшасын жүктейміз, Kaspi, Halyk қолданамыз, бірақ "SMS кодты ешкімге айтпа" деген қарапайым ережені бәріміз толық түсіне бермейміз. Алаяқтар осы олқылықты пайдаланады. Бұрын бұл жалғыз адамның ісі болса, қазір call-орталықтар, жалған сайттар, боттар бар. Олар психологиямен жұмыс істейді: "есебіңіз бұғатталды", "жеңімпазсыз", "туысыңыз апатқа ұшырады". Адам қорқып, ойланбай әрекет етеді.
Азаматтың өзінің сақтығы
3 алтын ереже:
Банк ешқашан телефонмен код сұрамайды
Тез шешім қабылдауға мәжбүрлесе – бұл 100% алаяқтық
Күмәндансаңыз, ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалыңыз
Интернет бізге мүмкіндік берді, бірақ сонымен бірге жаңа қасқырларды да кіргізді. Қасқырдан қашып, орманға бармаймыз ғой. Біз орманда қалай жүру керектігін үйренуіміз керек.Интернет-алаяқтықпен күрес – бұл полицияның ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз. Себебі келесі қоңырау сізге келіп түсуі мүмкін.
Гүлбану Насиполла



